Партия хатшысы әлеуметтік нысандардың жұмысымен танысты

611

0

Фото: Аманат партиясы

Сыр өңіріне жұмыс сапарымен келген «AMANAT» партиясының Хатшысы Шолпан Каринова облыстық «Отбасы орталығы», «Анаға тағзым» орталығы жұмыстарымен танысты.

«Отбасы орталығында» болған партия Хатшысы Орталық жұмысына ризашылығын білдірді.

«Отбасы шағын мемлекет дейміз. Үлкен отбасымыз – мемлекетіміздің бақ-берекесі ең алдымен шағын мемлекеттің – әр шаңырақтың аясындағы ырыс-ынтымаққа байланысты екені сөзсіз. Отбасы құндылығы – қай заманда да, қай елде де мемлекет саясатының темірқазығы, ардақ тұтар қазынасы. Халқымыз қашанда отбасын қасиетті құрылым ретінде қабылдап, зор маңыз, үлкен мән берген.Осы орайда орталықтың жұмысы көңілімнен шығып отыр. Себебі мұнда азаматтар некесі қиылады. Кәмелет жасқа келген азаматтар жеке куәлігін алады. Нәрестеге куәлік беріледі. Онан қалды ерте отау құрған азаматтар күміс, алтын тойларын осында келіп атап өтеді екен және олардың әр қайсысына отбасы құндылықтарының насихатталуы берік отбасының негізін қалыптастыруға қосылып отырған үлкен үлес деп білемін», – деді Шолпан Каринова.

Мұнан соң партия Хатшысы «Анаға тағзым» орталығында болып, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауындағы экономиканы өркендетуге және халықты жұмыспен қамтуға ықпал ететін креативті индустрияны дамытудағы жұмыстармен танысып, жаңаша ұлттық брендтерді ойлап тауып, экспорт дамуына үлес қосып келе жатқан ісмер азамтардың қолөнер бұйымдары көрмесін тамашалады.

Партия хатшысы әлеуметтік нысандардың жұмысымен танысты

Атап өтейік, Президент тапсырмасына сәйкес «Анаға тағзым» орталығы ғимаратынан «Әйелдердің креативті индустрия орталығы» жұмысын бастаған болатын. Мұнан бөлек, ғимаратта «Мирас» әжелер клубы, «Ұлт жақұты» музей залы, «Бойтұмар» қыздар клубы, «Сырғалым» сырласу клубы, «Жас отау» жас отбасылар мектебі, «Ана тілі» дебат клубы құрылды. Партия Хатшысы әрбір клуб жұмысының маңыздылығын ерекше қабылдап, Орталық жұмысына табыс тіледі.

Әрі қарай партияның «Кітап-AMANAT» орталығы мен партия филиалдарының материалдық – техникалық базасымен танысты.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<