Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев «Қазақстан Халық партиясының» төрағасы Ермұхамет Ертісбаевпен кездесті.
Аймақ басшысы партия филиалымен бірлесіп атқарылған жұмыстар, алдағы жоспарларға тоқталды.
– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының ауқымды реформаларын іске асыруға барынша атсалысып, жергілікті тұрғындарды толғандырған өзекті мәселелерін тыңдап, шешімін табуға ұйытқы болып жүрген өзіңіздің еңбегіңізді ерекше бағалаймын.
Мемлекет басшысының ерекше қолдауы жаңа жетістіктерге жетелейді, еселенген жауапкершілік жүктейді.
Бүгінде облыстың барлық деңгейдегі атқарушы органдары саяси партиялармен, оның ішінде «Қазақстан Халық партиясы» облыстық филиалымен тығыз жұмыс жасап, олардың бастамаларына әрдайым қолдау көрсетуде.
Президентіміздің, Үкіметтің ерекше қолдауымен Сыр өңірінде кейінгі жылдары байыпты бастамалар қолға алынып, ауқымды жобалар жүзеге асуда. Өңіріміздің барлық негізгі макроэкономикалық көрсеткіштерінің өсімі қамтамасыз етілді. Іссапарыңыз сәтті, жемісті болғай. Мемлекет мүддесі жолындағы ортақ еңбегіміз әрдайым нәтижелі болсын! – деді облыс әкімі.
Ермұхамет Ертісбаев өңірдегі жақсы жетістіктерге жоғары баға беріп, елдің жарқын болашағы жолында бірлесіп жұмыс атқаруға дайын екенін айтты.
Айта кетейік, аймақта 7 саяси партияның филиалы қызмет етеді. Саяси партиялардың облыстық филиалдарына 81 мыңнан астам адам тіркелген.





