Партияластар ауыл әкімі сайлауында жеңіске жетті

504

0

Фото: Облыстық сайлау комиссиясы

Жексенбі күні Қармақшы ауданына қарасты 3 ауылда әкімдер сайлауы өтті.

Ауылдарда сайлау Қазақстан Республикасы Конституциясының, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Заңының талаптарына сәйкес өткізіліп, сайлаушылар өздері қалаған кандидаттарға дауыс берді.

Нәтижесінде Жосалы кенті әкімінің лауазымына Досмұратов Алмасхан Әріпханұлы 5 872 дауыспен сайланса, Ақжар ауылдық округі әкімі болып Тұрсынбаева Нұржамал Бектайқызы 563 дауыспен әкім болды. Сондай-ақ ІІІ Интернационалда Қалымбетов Жеткерген Қайыржанұлы- 658 дауыспен жеңіске жетті.

Партияластарды айқын жеңісімен құттықтаймыз!

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<