Партиялық бақылау: Су құбырының қайта жаңғырту жұмыстарына мониторинг жасалды

361

0

Бүгін «AMANAT» партиясы облыстық филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясының төрағасы мен комиссия мүшелері, облыстық мәслихаттағы депутаттық фракция мүшелері Қызылорда стансасындағы теміржол астынан өтетін су құбырының қайта жаңғырту жұмыстарына мониторинг жүргізді. 

Жалпы ұзындығы 182 метрді құрайтын су желісін қайта жаңарту жұмыстарына ағымдағы жылы 2021-2026 жылдарға арналған инвестициялық бағдарламаға сәйкес 16 766,896 мың теңгеге қаржы бөлінген. Қазіргі уақытта бекітілген жұмыстарды орындауға мемлекеттік сатып алу порталына конкурс жарияланып мердігер мекеме анықталған.Керекті материалдар сатып алынып, жұмыс басталып кеткен.

«Аталмыш жұмыстар нәтижесінде бұл құбырдағы  авариялар саны толығымен жойылып, негізгі құралдардың тозуы 4,55 пайызға төмендейді және қызмет көрсету сапасы жақсартылады сонымен қатар, ысыраптар деңгейін 0,2 пайызға төмендетуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, 2024 жылға бекітілген инвестициялық бағдарламаға сәйкес кәсіпорынның өз қаражаты есебінен жалпы сомасы 24 570,4 мың тенгені құрайтын  сумен жабдықтау қызметі бойынша 2 нысанға қайта құру және жаңғырту жұмыстары қарастырылған», – дейді «Теміржолсу-Қызылорда» ЖШС директоры Насыр Абдулла.

Монитринг барысында Партиялық бақылау комиссия тарапынан халыққа сапалы және тұрақты ауыз су жеткізу үшін су құбырларының тозуы деңгейін төмендету мен авариялық мәселелердің алдын алу мақсатында мемлекеттік бюджеттен және «Қазақстан теміржолы»АҚ-на қосымша қаржы бөлуге қатысты нақты ұсыныстар жолданатын болды. Сонымен қатар мердігер мекеме өкіліне құрылыс жұмыстарын сапалы және уақыты аяқтау қатаң тапсырылды.

Зерделеу жұмыстары барысында партия филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесіне  тұрғындардан келіп түскен өтініштер бойынша да «Теміржолсу-Қызылорда» ЖШС-і басшылығына сауалдар қойылып, нақты жауаптар алынды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<