Жұмыс сапарымен өңірге келген «AMANAT» партиясы Орталық аппаратының Ұйымдастыру және аймақтармен жұмыс департаментінің инспекторы Еркін Дәрібаев, партияның Қызылорда облыстық филиалының төрағасы Алмасбек Есмахановпен бірге партияның Сайлауалды бағдарламасы аясында Байқоңыр қаласында жүргізіліп жатқан сумен жабдықтау және су бұру желілерін қайта жаңарту жұмыстарымен танысты.
Мониторинг барысында аудан әкімінің орынбасары Айдын Әнуар Байқоңыр қаласындағы Максимова көшесі мен Ақай ауылындағы ағынды суларды тазарту қондырғысының 3,2 км кәріз жүйесі жаңғыртылды. Қазіргі уақытта, қалалық саябақтан Жағалау көшесіндегі кәріз желісі бойынша 2,5 км кәріз жүйесіне жаңғырту жүргізілді деп атап өтті.

Жалпы үш кезеңнен тұратын жобаның жалпы құны 12,6 млрд теңге. Құрылыс мерзімі – 26 ай. Жоба аясында 94,6 шақырым су құбыры мен 84,6 шақырым кәріз желілерін жөндеу жоспарланған.
Мердігер: «Мелиоратор» ЖШС. Техникалық қадағалаушы: «КЦУП» ЖШС. Авторлық қадағалаушы: «МұнайГазИнжиниринг» ЖШС.
Зерделеу жұмыстарын қорытындылай келе партияның облыстық филиалының төрағасы Алмасбек Есмаханов ел игілігіне бағытталған жұмыстардың ең бірінші кезекте мерзімінде аяқталуы және сапалы болуы қажеттігін айтып, партия тарапынан мониторинг жұмыстары тұрақты түрде жүргізілетіндігін жеткізді.






