Партияның Шиелі аудандық филиалына атқарушы хатшы тағайындалды

330

0

Фото: Аманат партиясы

Бүгін «AMANAT» партиясы Қызылорда облыстық филиалының төрағасы Есмаханов Алмасбек Әбілқасымұлы іс-сапармен Шиелі ауданында болып, филиалда партия активімен кездесті.

Партия белсенділерінің қатысуымен өткен жиналыста төраға қатысушыларға тұрғындардың әлеуметтік-экономикалық әл-ауқатын жақсарту үшін партияның рөлін және БПҰ жұмысын күшейту бойынша алдағы міндеттерге тоқталды.

Шара барысында төраға осы кезге дейін аудандық филиалдың төрасы қызметін абыроймен атқарып келген Сыздық Болат Мүбаракұлын зейнеткерлікке шығуымен құттықтап, еңбек еткен жылдары үшін ризашылық білдіріп, партия хатшысы Дәулет Кәрібектің арнайы Алғыс хатын табыстады.

Сондай-ақ, актив жиналысында «AMANAT» партиясы Шиелі аудандық филиалының Атқарушы хатшысы қызметіне Баймұратова Жібек Орынбайқызын тағайындады.

Баймұратова Жібек Орынбайқызы 1971 жылдың 18 қаңтарында Қызылорда облысы, Шиелі ауданында дүниеге келген. Қорқыт Ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік Университетін қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі мамандығы бойынша үздік бітірген.

1993 жылдан бастап аудандағы білім ордаларында түрлі жауапты қызметтер атқарған.

2013 – 2018 жылдары Шиелі аудандық білім бөлімі басшысының орынбасары, 2018 – 2023 жылдары Шиелі ауданының қоғамдық даму бөлімінің басшысы, 2023-2024 жылдары Шиелі ауданы бойынша білім бөлімінің басшысы, 2024 жылдың 24 маусымынан бастап Жөлек ауылдық округі әкімі аппаратының әлеуметтік саланы дамыту және жастар ісі жөніндегі бас маманы қызметін атқарып келген.

Жиналыс барысында барлық қатысушылар жаңа қызметке тағайындалған Жібек Орынбайқызын құттықтап, сәттілік тіледі.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<