Партия белсенділерінің кездесуі

262

0

Кеше қалалық партия филиалының мәжіліс залында Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы аясында «Ұлы дала мұралары» тақырыбында партия белсенділерінің кездесуі өткізілді.
Шараға қалалық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Әбдірахманов Шәріп Әкбарұлы, «Жәрдем» БПҰ төрағасы, партия ардагері Шәмшиев Сағындық, облыстық тарихи-өлкетану мұражайының «Экскурсиялық көпшілік» бөлім басшысы Сағитжанова ЭльзираНағашыбайқызы, облыстық «Сыр дидары» газетінің бас редакторы Алдашбаев Сәкен Мінуарұлы, БПҰ төрағалары мен «Жас Отан» ЖҚ мүшелері қатысты.
Шараны Шәріп Әкбарұлы ашып, мақсатымен таныстырып, жүргізіп отырды.
Шара барысында сөз кезегін алған Э.Сағитжанова аймақ өркениетінің дамуын сөзге тиек етіп, өңіріміздің ұлы мұраларының тарихын, олардың сақталуы мен насихатталуына кеңінен тоқталды.
Келесі сөз кезегі С.Алдашбаевқа берілді. С.Мінуарұлы жиынға қатысушыларға ежелден келе жатқан қазақы атақ шендердің нағыз мағынасы мен дұрыс қолданылуын, шет елдерден елімізге жетпей қалған архивтік дүниелер мен құжаттар сырын айқындап берді.
Партия ардагері С.Шәмшиев ұлттық код пен генетиканың сақталуы, қазақы тектіліктің маңызы жөнінде құнды ақпараттармен бөлісті. Сондай-ақ, «Шаңырақ» БПҰ белді мүшесі Есімов Аманғали Елбасы мақаласының әрбір тармағына жете-жете тоқталып өзінің тұщымды ұсыныс пікірін ортаға салды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<