ПАРТИЯЛЫҚ ЖОБА

267

0

ПАРТИЯЛЫҚ ЖОБА Қызылордалық нұр­отан­­дық­тар «Қазақ­стан­ның кітапханалары» атты жаңа пар­тиялық жоба ая­сын­да кітапханашылар үшін арнайы семинар өткізді.

«Кітапханада жайлы ақпарат­тық орта қалып­тас­тыру: жаңаша мүмкіндіктер» тақырыбында ұйым­дастырылған семинарға партияның облыс­тық филиал басшылығы, жергілікті мәслихаттағы фракция мүшелері және аумақтық кітапхана жетекшілері мен қызметкерлері қатысты. Жиылғандар алдымен кітапхана жанындағы IT орталықтың жұмысымен танысты.

Ақпараттық технологияны дамытуға арналған бұл алаңда аймақтың жетекші программистері бірігіп жұмыс жасайды. Ол үшін коворкинг, әңгімелесу, демалыс аймағы, жекеленген жұмыс жасауға арналған орындар, 2 конференцзал, 3D студия және технолабораториялар қарастырылған. Работотехникаға арналған арнайы орындар да бар. Парк жұмысымен танысқан облыстық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ибадулла Құттықожаев орталық жұмысының тиімділігін атап өтті.

– Жалпы IT парктер «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын жүзеге асыру аясында ашылып жатыр. Парк жұмысының мақсаты да Қызылордаға  IT мамандарды шоғыр­ландыру. Оларды цифрландыру жөніндегі нақты жобаларға жұмылдырып, мүмкіндіктерін шыңдау, – деді ол.

Мұнан соң жиылғандар семинар алаңында бас қосты. Мұнда Ибадулла Құттықожаев Партия төрағасы Н.Назарбаевтың партия қызметін жаңғырту жөніндегі тапсырмасы бойынша қолға алынған жаңа партиялық жобаларды кеңінен таныстырды. Соның ішінде кітапханалар жұмысы да партия назарынан тыс қалмағандығын айтып, кітапхана қызметкерлерін бір қуантып қойды.

Биылдан бастап партия бастамасымен «Рухани жаң­ғыру» бағдарламасы ая­сында «Қазақ­станның кітапхана­лары» атты жаңа жоба қолға алынды. Бұл жоба аясында еліміздегі кітапханалар заманауи білім орталығы ретінде қайта құрылып, кітап қорының электронды нұсқалары дайындалатын болды. Бұл өз кезегінде барлық мектептердегі және университеттердегі кітапханаларды бірыңғай онлайн кітапханаға қосу, интернетке қол жеткізу, қазіргі заманғы кітаптарды оқу мен сату үшін ашық кеңістіктер жасауды көздеп отырғандығын атап өтіп, бірігіп жұмыс жасауға шақырды.

Семинарда Ә.Тәжібаев атын­­дағы облыстық әмбебап-ғы­лыми кітапханасының директоры Нұржамал Мырзамұратова бірың­ғай онлайн кітап­хана жүйесін қа­лып­тастыру, кітап қорларын электронды форматқа көшіру бағы­тында өңірімізде қолға алынған жұмыстарды атап өтті.

Ш.АЛТЫНБЕКҚЫЗЫ.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<