Павлодар-Қызылорда тас жолында анасы мен баласы көз жұмды

304

0

Кеше 27 қаңтар күні Павлодар-Қызылорда тас жолында Toyota Land Cruiser көлігі аударылып, қайғылы жағдай болды. Жантүршігерлік апат салдарынан анасы мен баласы қайтыс болды деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«27 қаңтар күні таңғы 9:00 шамасында «Павлодар-Қызылорда» тасжолының 88-ші шақырымында шығысқа қарай жүріп бара жатқан «Toyota Land Cruiser 200» маркалы автокөліктің 47 жастағы жүргізушісі рөлді игере алмай, көлік аударылды», – деп хабарлады Ішкі Істер министрлігі.
Апат салдарынан көліктегі екі жолаушы – 1975 жылы туған әйел мен 2011 жылғы бала сол мезетте жан тапсырған.
Оқиға орнында жедел тергеу тобы жұмыс істеуде.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<