Павлодарда тоғызыншы қабаттан құлаған әйел тірі қалды

628

0

Павлодарда тоғызыншы қабаттан құлаған әйел тірі қалды, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 11 мамырда сағат 14.37-де 112 пультіне Бектұров көшесі 109 мекенжайының тұрғынынан хабарлама түскен.

– Тоғыз қабатты тұрғын үйде тоғызыншы қабаттағы пәтердің терезесінен үйге жапсарлас салынған «Экстрамед» медициналық орталығының төбесіне 1993 жылы туған әйел құлаған. Зардап шеккен адам ауруханаға жатқызылды, – деді департамент өкілдері.

Оқиға орнына бес құтқарушы мен бір техника шықты.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметі бойынша, әйел кеуде омыртқасы сынып, бас миы шайқалған диагнозымен № 1 қалалық ауруханаға жеткізілген. Бұғанасы мен сол жақтағы 5, 6, 7-қабырғасы сынған. Әйел мас болған. Ол қарқынды терапия палатасына жатқызылды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<