Павлодардадағы автобус апаты: Іздеу жұмыстарына көріпкел қосылды

563

0

Фото: Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі

2024 жылдың 4 қаңтарынан бастап Павлодар облысындағы «Майқайыңалтын» АҚ шахтасында ойыққа құлап кеткен автобус пен тау-кен құтқарушыларын іздеу жұмыстары жалғасып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі көріпкелге қатысты көптеген сауалға ресми жауап дайындады.

Олар көріпкелдің келуіне Төтенше жағдайлар қызметінің еш қатысы жоқ екенін атап өтті.

«Оны қайғылы оқиға орнына із-түзсіз жоғалған қызметкерлердің туыстары шақырды. Ешбір бөлім оларға бұл әрекетке кедергі бола алмайды», деп хабарлады Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Сондай-ақ көріпкелдің іздестіру-құтқару жұмыстары жүргізілген жерге жақындамағаны айтылады.

«Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері мен басқа да мамандар нұсқаулыққа сәйкес жұмыс істейді. Олар топырақтың қозғалғыштығын сканерлеуге арналған құрал-жабдықтарды, геосканер мен металл детекторды пайдаланады. Сондай-ақ, қираған жердің түбінде кинологиялық бригадалар тұрақты жұмыс істейді», деді Павлодар облысы ТЖД баспасөз қызметі.

2024 жылғы 4 қаңтарда сағат 01:25 шамасында «Майқайыңалтын» АҚ аумағындағы технологиялық жолда автобус белсенді емес шахтаны тазарту кеңістігіне ойыққа құлап кетті, оның ішінде Павлодар облысы бойынша ТЖД ПҚҚБ құтқарушылары болды. Автобуста барлығы төрт адам болған.

Апат орнынан екі адамның мәйіті табылды, тағы екі адамды іздеу жұмыстары жалғасып жатыр.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<