Педагогикалық иедялар байқау жеңімпазы

344

0

Алматыда өткен «Педагогикалық идеялар фестивалі» республикалық байқауында Қызылорда қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің мұғалімі Мұхтар Бегайдаров І дәрежелі дипломмен марапатталды.
«Дарын» ғылыми-практикалық орталығы ұйымдастырған  жыл сайынғы педагогикалық байқауға биыл мектеп, колледж, мектепке дейінгі ұйымдар мен оқыту орталықтарынан барлығы үш жүзге жуық талантты мұғалімдер жиналды.
Қатысушылар кәсіби қызметтегі жетістіктерімен жұмыс нәтижелерін таныстырды. «Мамандық палитрасы» секциясында тәжірибесімен бөліскен қызылордалық жас математик Мұхтар Бегайдаров мектеп оқушыларына және мұғалімдерге арналған өзінің авторлық жобасын, яғни математикалық сайтты таныстырды.
«nismath.org» деп аталатын онлайн-платформада оқу процесінде пайдалануға болатын түрлі ресурстар мен құралдар жинақталған. Бұл сайтта оқушылардың қосымша теориялық материалдар, сынақ емтихан жұмыстары, тест пен олимпиада беті арқылы өздігінен білім алуына мүмкіндік жасалған. Сондай-ақ, мұғалімдер үшін пәнді оқытудың сапасын арттыру бағытында түрлі тақырыптағы мақалалар, бейнесабақтар мен 600-ге жуық үштілді математикалық терминологиялық сөздіктер мен оқулықтардың электронды нұсқалары жүктелген. Веб-портал қолданушыларына қажетті қосымшалар да осы ақпараттық ортадан алуға болады.
«Мен сайтты әзірлеуді 2018 жылы бастадым. Біртіндеп жаңа функциялармен толықтырып отырдым. Оқушылар мен әріптестерім сайттың логотипі мен мобильді нұсқасын жасауға көмектесті. Бір айдың ішінде жүйе 23 000 белсенді қолданушыны тіркеді. Күн сайын мыңнан астам адам сайтты пайдаланады екен », – деді мұғалім.
Жобаны қорғаған сәтте, фестиваль қатысушыларының 100 пайызы аталмыш платформаның белсенді қолданушысы екені байқалды. Көптеген пән мұғалімдері сайтты оқу үрдісінде үнемі пайдалантынынайтты.
Мұхтар Бегайдаровтың бұл жобасы фестиваль қорытындысы бойынша таратуға тұрарлық және дарынды балаларды оқыту мен тәрбиелеу практикасына енгізуі керек үздік педагогикалық идеялардың қатарынан табылып, І дәрежелі Дипломмен марапатталды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<