«Педагогикалық идеялар-2025» фестивалі ұстаздардың шеберлігін танытты

6

0

Фото: Қалалық білім бөлімі

Қызылорда қаласында «Педагогикалық идеялар – 2025» фестивалінің жеңімпаздарына құрмет көрсетілді. Ұстаздар қауымының кәсіби шеберлігі мен шығармашылық ізденісін анықтайтын бұл фестиваль жыл сайын жаңашыл педагогикалық бастамаларды қолдап, білім сапасын арттыруға өз септігін тигізіп келеді.

Фестиваль қорытындысы бойынша үздік деп танылған жеңімпаздарды Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің басшысы Абдазиева Гүлзира Мажитқызы салтанатты түрде марапаттады.

«Педагогтердің еңбегі – ел болашағына жасалған инвестиция. Білім беру ісіндегі жаңашыл көзқарас пен үздіксіз ізденіс өте маңызды. «Педагогикалық идеялар – 2025» фестивалі – тек байқау ғана емес, тәжірибе алмасудың, кәсіби дамудың және шығармашылық ынтымақтастықтың кең алаңы. Мұнда ұсынылған жобалар мен әдістемелік жаңалықтар қазіргі заман талабына сай білім берудің жаңа бағыттарын айқындап, ұстаздардың әлеуетін танытты», – деді бөлім басшысы.