Педагогтерді аттестаттау ережесінің жаңа жобасын түсіндіру жұмыстары жүргізілуде

388

0

Фото: Өрлеу облыстық филиалы

Педагогтерді аттестаттау Ережесінің жобасын талқылау мақсатында Қызылорда облысы бойынша құрылған мобильді топ 1 наурыздан бастаптүсіндіру жұмыстарын жүргізуде.

Мобильді топ құрамына «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы, облыстық білім басқармасы, білім сапасын бақылау департаменті, әдістемелік орталық, кәсіподақ ұйымы, КББ ұйымдарының басшылары, мектеп директорлары, балабақша меңгерушілері мен арнайы және қосымша білім беру ұйымдарының басшылары енді.

Мобильді топ мүшелері облыс аумағындағы барлық деңгейдегі педагогтерге аттестаттау Ережесінің жобасының негізгі философиясы мен ерекшеліктері жайлы түсіндіру жұмыстарымен айналысып жатыр. Олар қолданыстағы және 2024 жылғы өтпелі кезеңдегі, 2025 жылғы «Ұстаз» ұлттық платформасы іске қосылғаннан кейінгі жаңа ережелерге салыстырмалы талдау жасап, Call орталыққа келіп түскен сұрақтар аясында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Бекітілген кесте бойынша барлық аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің басшылары және барлық деңгейдегі педагогтермен ұйымдастырылған онлайн кездесулер барысында педагогтер тарапынан қойылған сауалдарға жауаптар алынып, ұсыныстар мен пікірлерназарға алынды.Ақпараттық түсіндірме басқосуда педагогтер өздерін толғандырып жүрген көптеген сұрақтарына жауаптар алды.

Сонымен қатар, педагогтер тарапынан 30 жылдан астам еңбек өтілдері бар ұстаздарды, педагог-шеберлер мен педагог-зерттеушілерді тесттен босату қажеттілігі жайлы ұсыныстар жиі келіп түсуде.

Педагогтерді аттестаттаудың жаңа ережелері мұғалімдердің біліктілігін арттыруға, білім беру сапасын жақсартуға және мұғалімдердің кәсіби өсуіне қолайлы жағдай жасауға ықпал етеді.

«Өрлеу» Қызылорда облысы бойынша филиалының баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<