Петропавлда 8 жасар бала сауда орталығындағы эскалатордан құлап кетті (видео)

147

0

Видеодан скрин

Петропавлдағы сауда ойын-сауық орталықтарының бірінде 8 жасар бала эскалатордан құлап, дене жарақатын алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Кадрлардан эскалатор жанында тұрған екі баланы көруге болады. Олардың бірі эскалатордың шетінен ұстап, ілініп тұрмақ болады. Алайда баланың қолы босап, құлап кетеді.

Полицияның мәліметінше, бала ғимаратта ересектердің қарауынсыз жүрген. Қазір оқиғаның барлық мән-жайы, соның ішінде сауда орталығының қауіпсіздік жағдайлары да тексерілуде. 

Полиция департаменті тексеру қорытындысы бойынша процестік шешім қабылданатынын, сондай-ақ бала қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін ата-анасын жауапкершілікке тартылатынын атап өтті.