«Пиротехника» жедел-профилактикалық рейді

33

0

Жаңа жыл мерекесі қарсаңында қала тұрғындарын қауіпсіздік шаралары туралы құлақтандыру мақсатында Қызылорда қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері учаскелік полиция қызметкерлерімен бірлесіп, басталған «Пиротехника» жедел-профилактикалық рейді  өз жалғасын тапты.

 Рейд барысында қала аумағында орналасқан «Сыбаға» сауда орталығын аралап, саудагерлер мен тұтынушыларға пиротехникалық бұйымдарды  пайдаланудың қауіптілігі жөнінде түсіндірілді.

  Сонымен қатар, сертификатталмаған пиротехникалық бұйымдардың бей-берекет саудасы, сондай-ақ рұқсат құжаттарынсыз сату фактілері анықталып,     65 пиротехникалық бұйымдар тәркіленіп, учаскелік полиция қызметкерлеріне тапсырылды.

Қызылорда қаласының төтенше жағдайлар басқармасы
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз