«Пиротехника» жедел-профилактикалық іс-шарасы

79

0

Жаңа жыл мерекелері қарсаңында қала тұрғындарын қауіпсіздік шаралары туралы құлақтандыру мақсатында  Қызылорда қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері Кәсіпкерлік бөлімі, полиция қызметкерлерімен бірлесіп, «Пиротехника» жедел-профилактикалық іс-шаралары бастап жүргізуде.
 Аталмыш іс-шараға «Абылай хан атындағы жоғарғы колледжі», «Қызылорда көпсалалы Ұлағат колледжі» және Қызылорда гуманитарлық экономикалық колледждерінің кәсіптік тәжірибеден өтуші студенттері қатыстырылуда. Колледж студенттері қала аумағында орналасқан оқу ордаларының басшыларына пиротехникалық бұйымдарды мектептерде қолдануға болмайтындығын түсіндіріп, үн-парақтарды тарату  жұмыстарын атқарды.
  Іс-шараның басты мақсаты қала аумағында орналасқан сауда орталықтарында сертификатталмаған пиротехникалық бұйымдардың бей-берекет саудасы, сондай-ақ рұқсат құжаттарынсыз сату фактілерін анықтау  және жол бермеу болып табылады.
«Пиротехника» жедел-профилактикалық іс-шара барысында дауысзорайтқыш арқылы халықты құлақтандыру жұмысы жүргізіліп, Қызылорда қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының аға инженері азаматтық қорғау аға лейтенанты З. Салмырзаұлы «Qyzylorda» телеарнасы арқылы сұхбат берді.
Профилактикалық іс–шара барысында 120 дана пиротехникалық бұйымдар тәркіленіп, учаскелік полиция қызметкерлеріне тапсырылды.

Қызылорда қаласының
Төтенше жағдайлар басқармасы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз