Полицей – дос және қорғаушы

426

0

Қызылорда облысының Полиция департаменті және «Динамо» дене шынықтыру спорттық қоғамы» Қызылорда облыстық филиалымен бірлесіп 2011-2012 жылғы жасөспірімдер арасында футбол және шахмат ойындарын ұйымдастырды.

Аталған шараға Қызылорда облысы білім басқармасына қарасты білім беру ұйымдары мен полиция органдарының есебіне алынған балалар қатысты. Турнирдің ашылу салтанатында Қызылорда облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары полиция полковнигі Омаров Оралбек Тәубақабылұлы құттықтау сөз сөйлеп, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.

Сонымен қатар жасөспірімдер арасында шахматтан турнир өтті. Ой мен тапқырлықтың сайысында үздік атанғандар Алғыс хаттармен марапатталды.

Шара аясында Жылдам қимылдайтын арнайы жасақ қызметкерлері ұрыс тәсілдерін көрсетіп, қонақтардың ықыласына бөленді. Бұдан бөлек, балалар кинология қызметі орталығы иттерінің шабуылдау әдістерін қызыға тамашалады. Іс-шара соңында балалар полицейлермен бірге естелік суретке түсті.