Полицейлер болашақ түлектерді ҚР ІІМ заң институтына оқуға шақырды

462

0

Фото: Полиция департаменті

Бүгін Қызылорда облысының Полиция департаментінде Департамент бастығының орынбасары полиция полковнигі Утегенов Әміржан Сермаханұлының, Тәрбие және кадр жұмысы басқармасы қызметкерлерінің және ҚР Ішкі істер министрлігі М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты өкілдерінің қатысуымен бірлескен ауқымды шара өтті.

Шараға облыс орталығының 300–ден астам мектеп оқушылары қатысты. Ақтөбе заң институтының білікті арттыру және кадрларды қайта даярлау факультетінің бастығы полиция подполковнигі Ерболат Қайнар және аға оқытушы әдіскері полиция подполковнигі Берік Уаисов болашақ түлектерге үгіт – насихат жұмыстарын жүргізіп, аталмыш оқу орнында білім алуға кеңес берді.

Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты ішкі істер органдары үшін кадрлар даярлауды жүзеге асыратын жоғары арнаулы оқу орны болып табылады. Оқуға он алты жасқа толған, орта және арнайы орта білімі бар Қазақстан Республикасының азаматтары қабылданады.

Оқу орнын бітірген соң түлектерге жоғары білім дипломы және полиция лейтенанты арнайы атағы беріледі.

Заң институтының өкілдері талапкерлерге қажеттi маңызды мәлiметтер берiп, аталған институтта оқудың артықшылықтарына тоқталып өтті. Мектеп бітіруші түлектермен пікір алмасып, ойларымен бөлісті.

Сонымен қатар оқушыларға аталған оқу орнына қабылдау тәртібі мен шарттары жан-жақты түсіндірілген буклеттер таратылып, бейнеролик көрсетілді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<