Полицейлер жоғалған 7 жастағы Қармақшы ауданы, Тұрмағанбет ауылының тұрғынын іздеп жатыр. Бұл туралы Қармақшы аудандық полиция бөлімі өзінің Facebook әлеуметтік желісінде хабарлады.
07 тамызда Қармақшы аудандық Пб-не жоғалған қыз туралы хабарлама келіп түскен.
Әкесінің айтуынша, 2016 жылы туған Дәуренбекқызы Жібек 06 тамыз күні сағат 18:30 шамасында үйден шығып, қайта оралмаған.
Қыздың жүрген жерін анықтау үшін Қармақшы аудандық Пб-нің барлық жеке құрамы жұмылдырылды.
Жібек Тұрмағанбет ауылының N°29 мектептің 2 сынып оқушысы.
Бойы 135-140 см, арық денелі, шашы сарғыштау, көздері қысыңқы келген.
Қызды іздеу ДП басшылығының ерекше бақылауында.
Жоғалған қыздың қайда екені туралы ақпарат білетіндер болса, 102 телефоны арқылы полицияға хабарласуды сұраймыз.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<