Жол-көлік оқғиасы салдарынан Мойынқұм аудандық полиция бөлімінің екі қызметкері және бір Өзбекстан Республикасының азаматы қаза тапқан. Жол-көлік оқиғасы көші-қон заңнамасын бұзғандарды жеткізу кезінде болған.
Осы дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 4-бөлігі («Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы») бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.





