Полиция департаментінде есірткіге қарсы іс қимыл жөніндегі Кеңестің алғашқы отырысы өтті

216

0

Фото: Qyzylorda PD

Қызылорда облысы Полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Ергешов Серік Жүрсінбайұлының төрағалығымен есірткіге қарсы іс қимыл жөніндегі Кеңес отырысы өтті.

Бұл кеңестің негізгі міндеті – нашақорлықтың, есірткі қылмысының алдын алу, салауатты өмір салтын насихаттау, халықтың, әсіресе жастарды есірткіге қарсы жұмысқа тарту, бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен жариялай отырып, мәдени іс-шараларды өткізу.

Кеңес отырысына Қызылорда облыстық Мәслихатының депутаты, Ішкі істер органдарының құрметті қызметкері, запастағы полиция полковнигі Шаймағанбетов Әмірбек Бердібекұлы, «Аманат» партиясы жанындағы «Жастар рухы» жастар қанаты облыстық филиалының төрағасы Баймурза Асетхан Қазиханұлы, Қалалық жастар ресурсы орталығының директоры Жорабек Медет Ерланұлы, «Болашақ» университетінің проректоры Мұханов Нұрлан Бөрібайұлы, «Жастардың спорттық туризм және туристік көпсайыс федерациясы» бірлестігінің төрағасы Досмаилов Бақытбек Әбіласанұлы, «Қызылорда еріктілер» қоғамдық қорының төрайымы Чебакова Ольга Константиновна, «QYZYLORDA» телеарнасының арнаулы тілшісі Асан Елдос Ерболатұлы, Ішкі істер органдарының құрметті қызметкері, Облыстық әжелер және Қалалық әйелдер кеңестерінің мүшесі Балмағанбетова Алтынкул Әділбекқызы, облыстық психикалық денсаулық орталығы директорының орынбасары Тұрсынов Аман Бөкенбайұлы, «QOSYL» командасының ұжымы Нұрғазы Бексұлтан Темірханұлы қатысты.

Кеңес отырысын Департамент бастығы ашып, күн тәртібіндегі жастар арасында нашақорлықтың алдын алу, синтетикалық және өзге де есірткілерді қолданудың зиянды әсерлері туралы проблемалық мәселесіне тоқталды.

Департамент бастығы Серік Жүрсінбайұлы есірткіге қарсы іс-қимыл мәдениетін қалыптастырудың маңыздылығын айта келіп, жастарды салауатты өмір салтын ұстануға шақырды.

«Өздеріңізге белгілі, өткен жылғы 2 қыркүйекте Президентіміз өз жолдауында «Есірткі қылмысына қарсы күрес» жалпы ұлттық деңгейде жүргізілуі тиіс екені айтылған. Бұл ретте, Ішкі істер министірі 2025 жылды «Профилактика жылы» – деп атады.

Осы орайда біздің алға қойған мақсаттарымыздың бірі – Заң мен тәртіп қағидасын қамтамасыз ету.

Нашақорлыққа қарсы күреске полициямен қатар қоғамдық ұйымдар, елімізге танымал тұлғалар, спортшылар мен осы бағыттағы сарапшылар және үкіметтік емес ұйымдармен бірлесіп, оң нәтижелерге қол жеткізуіміз қажет.

Біздің ұсынысымыз есірткіге қарсы іс қимыл жөніндегі Кеңес құру. Бұл кеңес – қоғамдық сананы өзгерту, есірткілердің зияны туралы халыққа мәлімет беру, жастар арасында нашақорлықтың алдын алу үшін тиімді шаралар қабылдайтын болады»,- деді полиция полковнигі С.Ергешов.

Сонан соң Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары полиция полковнигі Тоқтыбаев Серік Әбдімәуленұлы есірткіден жастарды қорғау және нашақорлықтың алдын алу бойынша өзекті әлеуметтік мәселенің шешу жолдарын ортаға салды. Есірткі заттарының адам өмірі мен болашағына әсерін, сондай-ақ жастарды есірткі айналымына тартудың себептері мен тетіктерін талқылады.

Кеңес қорытындысы бойынша қатысушылар жастардың адамгершілік тәрбиесін арттыру, салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған құндылықтарды қалыптастыру қажеттілігін атап өтті. Кеңес төрағасының орынбасары болып запастағы полиция полковнигі Шаймағанбетов Әмірбек Бердібекұлы тағайындалды.

Жиын соңында Полиция департаментінің басшылығы қатысушыларға Департамент жанындағы Есірткі құқық бұзушылығының профилактикасы жөніндегі кеңес мүшелері ретінде арнайы куәлігін табыстады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<