ІІМ басшысының орынбасары Санжар Әділов полиция Тәуелсіздік күні қарсаңында қызмет режимін күшейтетінін айтты, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы Әділов Мәжіліс дәлізінде мәлімдеді.
«Ішкі істер органдарының ең басты міндеті – қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету. «Заң және тәртіп» қағидатына сәйкес азаматтарымыз демалатын және демалыс күндерін қоғамдық орындарда өткізетін мереке күндері полиция міндетті түрде қызмет көрсетудің күшейтілген режиміне көшеді», – деді ол.
Айта кетейік, биыл 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні дүйсенбіге тұспа-тұс келеді:
- 14 желтоқсан, сенбі: алты күн жұмыс істейтіндер үшін жұмыс күні және бес күн жұмыс істейтіндер үшін демалыс күні;
- 15 желтоқсан, жексенбі: әдеттегі демалыс күні;
- 16 желтоқсан, дүйсенбі: Тәуелсіздік күні (барлығына демалыс).
Еске салайық, бұған дейін Жаңа жылға дайындыққа байланысты ІІМ, ТЖМ күшейтілген жұмыс режиміне көшетіні хабарланды.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<