Пойыз апаты: Зардап шегушіге ота жасалып жатыр

290

0

Пойыз апаты: Зардап шегушіге ота жасалып жатыр Шуда пойыздың апатқа ұшырауы кезінде зардап шеккен Астана тұрғынына ота жасалып жатыр, – деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Қазіргі таңда науқасқа ота – оң жақ үлкен жіліншік сүйегіне  экстрамедулярлық остеосинтез пластинасы жасалып жатып. Жағдайы бірқалыпты», – деп нақтылады ведомствода. Бұдан бұрын 48 жастағы Астана тұрғыны Әліби Байжанов Шу қалалық ауруханасы травматология бөліміне жатқызылғаны хабарланған еді.  Еске сала кетсек, Астанадан Алматыға бара жатқан жолаушылар пойызы апатқа ұшыраған болатын. Сәл кейін «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы «Астана-Алматы» бағытында қатынайтын пойыздың апатқа ұшырауына қатысты ресми мәлімдеме жасап, оқиғаның шығу себебін тексеретін арнайы комииссия құрылғанын жария еткен еді.  

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<