Прагматизм деген не?

1814

0

Прагматизм деген не? Біз прагматизм туралы көп айтамыз және бұл мемлекетіміздің экономикалық табысы үшін өте маңызды мәселе. Шынымен де қарапайым шындық. Бұл әрбір адамға белгілі. Егер сен ақылмен емес, эмоцияға бағынсаң, өмір баспалдағыңды жоспарламай, орындалмас арман және үмітпен өмір сүрсең – жетістік болмайды. 
Президент Назарбаев бұл туралы өзінің мақаласында жақсы түсіндіреді. «Прагматизм – өзіңнің ұлттық және жеке байлығыңды нақты білу, оны үнемді пайдаланып, соған сәйкес болашағыңды жоспарлай алу, ысырапшылдық пен астамшылыққа, даңғойлық пен кердеңдікке жол бермеу деген сөз. Қазіргі қоғамда шынайы мәдениеттің белгісі – орынсыз сән-салтанат емес. Керісінше, ұстамдылық, қанағатшылдық пен қарапайымдылық, үнемшілдік пен орынды пайдалану көргенділікті көрсетеді», – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Президенттің пікірінше, нақты мақсатқа жетуге, білім алуға, саламатты өмір салтын ұстануға, кәсіби тұрғыдан жетілуге басымдық бере отырып, осы жолда әр нәрсені ұтымды пайдалану – мінез-құлықтың прагматизмі. Өкінішке қарай, бізде кез-келген адам өзін прагматик деп атай алмайды. Несиені қалай төлейтінімізді білмей, мақсатсыз алу, қымбат көлік міну немесе дүркіретіп тойын жасауға құмармыз. Ал шын мәнісінде, не тұрақты жұмысымыз, не бизнес, не нақты өмірлік жоспар жоқ – бұл жағдай таныс па? Бұл бізді ұятқа қалдыратын мәселе ғана емес, біздің дамуымызды тежейтін негізгі мәселе. Нақты прагматикалық әдістердің болмауы барлық деңгейде байқалады емес пе? Бізде өндіріске немесе заманауи инфрақұрылымның дамуына емес, керісінше ешкімге керексіз, пайдасыз дүниелерге ақша жұмсағанды тәуір көретіндер бар. Прагматизмнің жетіспеушілігі, нақты есептеу мен барлық жағдайларды жоспарлау арқылы жеке адамдар да, тұтас алғанда да ұлт көздеген мақсаттарына жете алмайды. Нәтиже – үмітсіздік, қарыздар мен ресурстардың бекерге жұмсалуы. Ал негізі бәрін басқаша жасауға да болар еді… «Ұлт немесе жеке адам нақты бір межеге бет түзеп, соған мақсатты түрде ұмтылмаса, ертең іске аспақ түгілі, елді құрдымға бастайтын популистік идеологиялар пайда болады. Өкінішке қарай, тарихта тұтас ұлттардың ешқашан орындалмайтын елес идеологияларға шырмалып, ақыры су түбіне кеткені туралы мысалдар аз емес», – дейді Мемлекет басшысы. Президент радикалды идеологиялардың ғасыры өткендігін және барлық адамдарға жоспардан тыс күтпеген қауіп төндіргендігін атап өтті. Біздің елімізге нақты жоспарлар мен бәсекеге қабілеттілік қажет. «Адамның да, тұтас ұлттың да нақты мақсатқа жетуін көздейтін осындай бағдарлар ғана дамудың көгіне темірқазық бола алады», – деп түйіндеді Нұрсұлтан Назарбаев. Ең бастысы, олар елдің мүмкіндіктері мен шама-шарқын мұқият ескеруге тиіс. Яғни, реализм мен прагматизм ғана таяу онжылдықтардың ұраны болуға жарайды». Шынымен де, бұл жайлы ойлау, әсіресе бір күндік өмірімен ғана өмір сүретін адам үшін пайдалы болар еді. Сенің жетістігің- сенің қолыңда, бірақ оған жету үшін «мимен жұмыс жасау керек». Қарапайым ғана шындық жеке адам мен тұтастай мемлекет үшін де маңызды болмақ… 

syr-media.kz

Толығырақ: https://massaget.kz/mangilik_el/janalyiktar/53545/
Материалды көшіріп басқанда Massaget.kz сайтына гиперсілтеме міндетті түрде қойылуы тиіс. Авторлық құқықты сақтаңыз

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<