Президент Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңға қол қойды

35

0

Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына қол қойды. Бұл туралы Ақорда мәлім етті. 

— Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, — делінген хабарламада.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.

Еске сала кетейік, бұған дейін Президент Құрылыс кодексіне қол қойғанын жазған едік.

Сондай-ақ бүгін Мемлекет басшысы Цифрлық кодекске қол қойды.