Үкіметтің кеңейтілген отырысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Екібастұз қаласының тұрғындарына техногендік апат кезінде төзімділік көрсеткені үшін алғыс білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Екібастұзда болған оқиға шынымен апат. Мен бұл қаланың тұрғындарына төзімділік пен азаматтық жауапкерлішілк танытқаны үшін алғыс білдіргім келеді», – деді Мемлекет басшысы.
Сондай-ақ, ол еріктілердің еңбегін атап өтті.
– Волонтерлерге жұмысы үшін алғыс айтамын. Бұл оқиға мемлекеттік органдар мен табиғи монополиялар субьектілерінің жылыту маусымына жауапсыздығын ашық көрсетіп берді, – деді Президент.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<