Президент Кемел Тоқаев атындағы мектеп пен биыл салынған амбулаторияны аралады

425

0

Фото: Ақорда

Білім ошағы 1963 жылы салынған, деп хабарлайды Kazinform. 1996 жылы мектепке Кемел Тоқаевтың есімі берілген.

Президентке қаламгер Кемел Тоқаевтың шағын кабинет-мұражайы таныстырылды. Мұнда жазушының шығармалары, тұтынған жеке заттары қойылған.

Сондай-ақ осы күні Президент биыл салынып, халық игілігіне берілген дәрігерлік амбулатория жұмысымен танысты. Аталған медициналық мекеме бір ауысымда 50 адамды қабылдай алады. Емделушілер үшін стационар, физиотерапия, процедуралық, екпе салу, гинекология және басқа да медициналық кабинеттер жұмыс істейді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<