Бокстан Астанада ұйымдастырылған VI ҚР Президенті кубогы халықаралық турнирі аяқталды. 15 елдің былғары қолғап шеберлері бақ сынаған додада қазақ боксшылары 10 алтын медаль жеңіп алды, – деп хабарлады «Массагет.кз» сайты.
Ерлер әуесқой бокстағы 10 салмақ дәрежесі бойынша жеңімпаздарды анықтаса, әйелдер арасында 51, 57, 60 және 75 кг салмақта жекпе-жектер өтті. Жарыс қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы 10 алтын, 6 күміс, 12 қола медальмен жалпы есепте жеке дара көш бастады. Ең үздік боксшыларын додаға қосқан Өзбекстан құрамасы 1 алтын 2 күміс 4 қола медаль еншілеп қайтты. Ал Олимпиада чемпиондары Хасанбой Дусматов жүлделі орынға іліге алмаса, Шахобиддин Зоиров қола жүлдегерлер қатарынан көрінді.
Ресей, Швеция мен Жапония құрамалары да бір-бір алтын жүлдеден еншіледі. ҚР Президенті кубогы турнирі – Азия ойындары алдындағы тамаша жарыс болды. Жарысқа қатысушы елдер боксшыларының соңғы дайындықтарын байқады.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<