Президент паркінен денсаулық саябағына дейінгі аралық жаңғыртылады

53

0

Фото: Ашық дереккөз

ҚР Тұңғыш Президент саябағы қазір халықтың қарасы үзілмейтін, отбасылық демалыс орны. Жасыл желекке оранған саябақта тынығушылар саны күн санап артып келеді. Шағын мерейтойларды атап өтудің де мүмкіндігі мол. Бір өкініштісі, қоршаған ортаға саналы көзқарасты қалыптастыруда және туған жердің тазалығын сақтау, табиғатын қорғауда әлі де бейқамдық бар. Осы жайларды ескерген қала әкімі саябақ көлемін кеңейту, ішкі тәртіп пен тазалықты сақтау мәселелерін жолға қоюды алға тартты.

«Елге деп салынған әрбір нысан өз мақсатында жұмыс істеуі керек. Саябақты заманауи саябақ келбетінде көргенге не жетсін!? Сол үшін ешқандай қажеттілік пен мұқтаждық туындауы тиіс емес. Әрлеу керек пе, әрлейміз, абаттандыру десеңіз, оны да жасаймыз. Сонда ғана халық сұранысындағы демалыс мүмкіндігін сыйлай аламыз. Бұл жұмыстардың атқарылуына аймақ басшысы жан-жақты қолдау жасап отыр,»– деді шаһар басшысы Серік Салауатұлы.

Президент паркінен денсаулық саябағына дейінгі аралық толық қамтылған, жан-жағында автокөліктер тұрағы бар, гүлзарлармен көмкерілген көркем келбет қалыптастырамыз. Оған мүмкіндік жеткілікті. Алдағы уақытта әрбір нысан зерттеле отырып, халықтың сұранасына сай тиісті үдеден шығуға жұмыс жасалады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<