Президент Республика күніне арналған салтанатты концертке барды

636

0

Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Республика күніне арналған салтанатты концертке барды, деп хабарлайды Kazinform.

«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күніне арналған салтанатты концертті тамашалады. Мерекелік шара «Астана Опера» театрында өтті», – деп жазды Ақорданың ресми сайты.

Концертте Әлібек Дінішев, Роза Рымбаева, Майра Мұхамедқызы, Айгүл Үлкенбаева, Димаш Құдайберген және басқа да белгілі мәдениет қайраткерлері, сондай-ақ хореографиялық топтар мен симфониялық оркестр өнер көрсетті.