Шешенстан басшысы Рамзан Қадыровтың үлкен қызы Айшат Қадырова 17 жастағы інісі Адам Қадыровтың жуырда үйленетінін айтты, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.
Айшат Қадырова бұл қуанышты жаңалықты Instagram-парақшасында бөлісті.
«Інім Адам үйленгелі жатыр», – деп жазды ол әлеуметтік желіде.
Айшат Қадырованың айтуынша, бұл – Адамның алғашқы некесі.
«Қалыңдықтың есімі – Медни. Ол біздің ауылдан. Өкінішке қарай, тойды еш жерден көре алмайсыздар. Біз той видеоларын жарияламаймыз. Бұл – ата-анамыздың қалауы. Үйлену тойы отбасылық шаңырақта, туған ауылда өтеді», – деп жазды Айшат.






