Проблемалық мәселелер бойынша арнайы тақырыптық қабылдау

461

0

«Amanat» партиясының қабылдауына тұрғындардан келіп түскен проблемалық мәселелер бойынша арнайы тақырыптық қабылдау ұйымдастырылды.

Қабылдау шарасына ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау Комиттетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті, облыстық денсаулық сақтау басқармасы, қалалық тұрғын үй-коммуналдық шарушылық, автомобиль жолдары жолаушылар көлігі бөлімі, қалалық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, тұрғын үй инспекциясы және «Отбасы банкі» АҚ Қызылорда облыстық филиалының басшылары, басшы орынбасарлары қатысып, азаматтарды толғандырған сауалдарға жауап берді.

Жалпы қабылдауға 25 азамат келіп, өзінің жеке мәселесін көтерді. Қозғалған өтініштердің басым бөлігі баспана, ауыз су, көшені жарықтандыруға қатысты болды. Денсаулық саласына байланысты да өтінішпен келген азаматтар бар.

Қабылдау барысы әлеуметтік желідегі ресми парақшада тікелей эфирде жүргізілгендіктен желі қолданушылар тарапынан да тиісті сауалдар қойылды. Кейбір азаматтарға нақты кеңестер берілді. Шешімі біраз зерделу мен уақытты талап ететін өтініш иелерінің мәселелері партиялық бақылауға алынды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<