Профилактикалық бағыттағы жұмыстар жүргізілуде

35

0

Қызылорда облысының Арал ауданы көлемінде және оған қарасты елді мекендерде жедел профилактикалық шолулар ұйымдастырылуда. Оған криминогендік ахуалды сауықтыру, көшелер мен қоғамдық орындардағы қылмыстар мен құқық бұзушылықтың алдын-алу, жол қауіпсіздігі саласында құқық бұзушылықтардың жолын кесу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстылықтың жай-күйін зерттеу, полиция органдарының есебінде тұратын азаматтар мен азаматтық қару иелерінің қаруды сақтау ережелерін тексеру мақсатында Қызылорда облысының Полиция департаменті қызметкерлері, патрульдік полиция қызметкерлері және жылдам қимылдайтын арнайы жасақтан құралған жұмыс тобы Арал ауданының полиция бөліміне тәжірибелік көмек көрсетуде.
Іс-шараға Полиция департаменті қызметкерлерімен қатар аудандық полиция бөлімінің учаскелік және ювеналды полиция инспекторлары, патрульдік полиция қызметкерлері жұмылдырылып, халық көптеп шоғырланатын аймақтарды патрульдеу, криминогендік ахуалы күрделі деген әкімшілік аймақтарға рейдтік шолу жұмыстарын жүргізуде.
Аудан көлемінде өткізіліп жатқан рейдттік іс-шараның 2 күнінде 100-ге жуық әкімшілік құқық бұзушылық деректері анықталған болса, автокөлікті тиісті құжатсыз басқарғаны үшін 30 – ға жуық автокөліктер ақылы айып тұрағына қойылды. Сонымен қатар, аудандық  полиция бөлімінің профилактикалық есебінде тұратын тұлғалар мекен-жайларынан тексеріліп, олармен қылмысқа қайта жол бермеуін түсіндіру және қадағалау шаралары жасалуда.

Бұл бағыттағы іс-шаралар облыстың басқа аудандарында да  жалғасын  табатын  болады.

Қызылорда облысы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз