Прокуратура қызметкерлеріне құрмет көрсетілді

584

0

Фото: Қазалы ауданы әкімдігі

6 желтоқсан – елімізде прокуратура қызметкерлерінің күні екені белгілі. Бұл өмірін осы салаға арнаған, әділдік жолында адал еңбек етіп келе жатқан жандардың еңбектеріне алғыс айтылып, қызметтеріне құрмет көрсетілетін күн.

Атаулы күнге орай аудан әкімі Мұхтар Оразбаев Ата Заңымыздың қағидаларын жүзеге асыру, адамдардың құқықтары мен бостандықтарын қам­та­масыз ету, мемлекет мүддесін қорғау жолында қалтқысыз еңбек етіп келе жатқан азаматтарды мерекемен құттықтау үшін прокуратура ғимаратына арнайы барды.

Мұхтар Әуесұлы аудан прокуроры Дарын Әбішті айтулы күнмен құттықтап, өзінің ұжымға деген арнайы «Құттықтауын» табыстады. Сонымен қатар, бірқатар азаматтарды «Алғыс хатымен» марапаттады.

Басқосуда аудан басшысының алдағы жұмысына сәттілік тілеген Дарын Елтайұлы шынайы ризашылығын жеткізді.

Қазалы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<