Прокурор Бишімбаевтың Салтанат Нүкенованы өлтірген күні не болған мәлімдеді

442

0

Фото: ғаламтордан

Астанада қылмыстық істер бойынша сотта прокурор Салтанат Нүкенованының өліміне қатысты Қуандық Бишімбаевқа тағылған айыпты оқыды, деп хабарлайды NEGE.

«Нүкенова Бишімбаевтан кетуге бірнеше рет оқталған. Алайда Бишімбаев одан кешіріп сұрап, өзгеретінін айтып, ұрып-соқпауға уәде еткен. 2023 жылдың қазан айының соңында, нақты күні белгіленбеген, Астанада Бишімбаев тағы да жанжал шығарып, Нүкенованы тағы да ұрып-соғып, басы мен денесіне дене жарақатын салған», – деп мәлімдеді прокурор. 

2023 жылдың 9 қарашасында ерлі-зайыптылар концертке барған, бірақ жанжалдан кейін олар «Бау» мейрамханасына келіп, Қуандық Бишімбаев, тергеушілердің айтуынша, Салтанат Нүкенованы ұрып-соққан.

Прокурордың айтуынша, кісі өлімі болған күні Бишімбаев пен Нүкенова концертте болған.

«Концерт кезінде Бишімбаев болмашы себеппен жанжал шығарған. Концерттің аяқталуын күтпестен екеуі ғимараттан шығып, жанжалдасып, «Бао» мейрамханасына жаяу барған», – деді прокурор.

Жанжал мейрамханада да жалғасқан. Әйел Бишімбаевтан кеткісі келетінін айтып, ағасына хабарлама жазған. Ашуланған Бишімбаев мас күйде Нүкенованың басынан бірнеше рет қатты соққы жасаған. Қорқып кеткен әйел VIP залдың әжетханасына жасырынған, бұл жағдай Бишімбаевты одан ары ашуландырған. Ол есікті алдымен қолымен, кейін металл штативпен қаға бастаған.

Прокурордың айтуынша, есікті бұзып кірген Бишімбаев әйелін ұрып, қылқындырған, Нүкенова сол кезде есінен танып қалған. «Алайда біраз уақыттан кейін Нүкенова есін жиған. Мұны көрген Бишімбаев оның басына тағы ұра бастаған, ол ұруын Нүкенованың ес-түссіз жатқанына көзі жеткен соң тоқтатқан», – деді мемлекеттік айыптаушы. 

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<