Пәтер ұрлығына күдіктілер ұсталды

208

0

Қызылорда қаласында пәтер ұрлығына күдікті 32 және 28 жастағы Арал ауданының тұрғындары ұсталды.
25 желтоқсан күні үй иесінің жоқтығын пайдаланып, пластик терезе арқылы үйге кірген олар бағалы заттарды ұрлап, оқиға орнынан бой тасалаған.
Тергеу барысында күдіктілердің облыс орталығындағы үш қылмысқа қатысы бар екені анықталды. Заттай дәлелдеме ретінде ноутбук, ұялы телефон, алтын зергерлік бұйымдар алынды. Жәбірленушілерге келтірілген жалпы материалдық шығын 2 млн теңгені құрады.
Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Барлық фактілер бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 188-бабының 3-бөлігі (ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Қызылорда облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<