Қызылордалық әзілкештер республикалық «Қызық премия-2022» мерекелік шарасында «Көңілді жаңалық» номинациясы бойынша марапатталды. Көпшілікке Перовск арнасы ретінде қызықты оқиғаларымен танылған жастар бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте БАҚ өкілдеріне қызықты жобаның идеясы туралы айтып берді.
– Біздің команда 2 жыл бұрын құрылған болатын. Командадағы әріптестерім әртүрлі мамандық иелері. Алайда бәріміз бірігіп, ерекше әрі халықтың көңілінен шығатын жоба құруды мақсат еттік. Жалпы бұл идеяның негізгі бағыты – қоғамдағы өзекті мәселелерді журналистика саласы арқылы әзіл ретінде жеткізу. Ең алғаш біз жастардың тілімен айтқанда вайн ретінде қалжыңдар түсіріп жүрдік. Одан кейін бірте-бірте толық басы мен аяғы бар бір оқиға желісін түсіруді қолға алдық. Осылайша әлеуметтік желіде екі жыл бойы 88 көңілді бейнесюжет шығарып, көрсетілім 1 миллионан асып кетті. Әртүрлі оқиғалардың ізімен құралатын әзіл оқиғалар жұртшылықтың жадында сақталуы үшін көп ізденеміз. Жалпы ПТК арнасы ақпарат құралдары саласының кішкентай ғана бөлігі. Осы формат халыққа ұнағаннан да болар әр әзіліміз өтімді болуда. Жақында республикалық «Қызық премия – 2022» мерекелік іс-шарасында көптеген командалардың арасынан «Көңілді жаңалық» номинациясын жеңіп алдық. Бізді қолдаған баршаларыңызға алғысымыз шексіз! Алдағы уақытта көңілді контенттер легін жалғастырып, ерекше жобаларды шығаратын боламыз, – деді жоба жетекшісі Ғани Абдиев.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<