\»Пәтуалар жинағы\» жарық көрді

404

0

Шариғат және пәтуа бөлімі шығарған «Пәтуалар жинағы 2» кітабының таныстырылымы өтті. Жаңа кітаптың тұсаукесерінде сөз сөйлеген ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімі жетекшісінің орынбасары Хасан Аманқұл мүфтияттың шариғи үкімдерге қатысты барлық мәселеге пәтуа беруге толық қауқарлы екенін айтып өтті.

Елімізде кей азаматтар дұрыс діни ақпараттарды алуға болатын сенімді дереккөздерден хабары болмағандықтан, шетел діни орындарының ақпараттарына сүйеніп, іс-әрекет етіп жатады. Бұл халық ішінде аса құптарлық жағдай емес. Бүгінде ҚМДБ-ның Шариғат және пәтуа бөлімінің мамандары мен аймақтағы өкілдері халықтың көкейінде жүрген көптеген сұрақтарға жауап беріп, олардың жинағын кітап етіп шығаруда. Тек қана 2019 жылы 14 847 сұраққа жауап берілді. Сондай-ақ, қала, облыс орталықтарындағы мешіттерде call center жұмыс істейді. Кез келген сұрақ бойынша мешіт имамы немесе пәтуа саласына жауапты мамандар жауап бере алады. Сондықтан да шетелдік діни ақпарат көздеріне емес, еліміздегі ұлттық қайнармен сусындаған, дәстүрлі діни құндылықтарымызды байрақ еткен мүфтияттың таратқан ақпаратына сүйенсек, ел ішінде де ауызбірлік пен ынтымақ болары даусыз, – деді Хасан Аманқұлов.

ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімі шығарған «Пәтуалар жинағы» 2-кітабының танытымынан соң мешіттің тұрақты жамағаты мен ақсақалдарына тегін кітап үлестірілді.

BAQ.KZ

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<