Пушкинді оқу және құрметтеуге арналған театрландырылған қойылым

264

0

Қызылорда облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының қолдауымен «Славян мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен Достық үйінде Александр Сергеевич Пушкиннің 220 жылдығына арналған «Пушкинді оқу және құрметтеу» театрландырылған қойылымы болып өтті.
Оған облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының құрылымдары, этномәдени бірлестіктің өкілдері, Славян этномәдени бірлестігінің белсенді мүшелері, колледж студенттері мен мектеп оқушылары және БАҚ өкілдері қатысты.
Достық үйінің фойесінде облыстық Ә.Тәжібаев атындағы әмбебап кітапханасы мен А.С.Пушкин атындағы қалалық орталық кітапханасының әзірлеуімен кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеде А.С.Пушкин атындағы қалалық орталық кітапханасының қорындағы 118 жылдан бері сақталған 1901 жылы Санкт-Петербургте жарық көрген «Русские поэты» кітабы, облыстық Ә.Тәжібаев атындағы әмбебап кітапханасының қорындағы 1926, 1928, 1935 жылдары жарық көрген «Пушкин хаттары» кітабының түпнұсқасы мен көшірмелері қойылды. Бүгінгі күні облыстық әмбебап кітапханасында Ұлы ақынның 394 аталымы, 728 данасы сақталған.
Қойылым аясында Пушкин бейнесі сомдалды. И.В.Панфилов атындағы №5 мектеп-лицейінің оқушылары қойылым көрсетті. Мұнан соң «Я вас любил..» өлеңіне арналған романс көрсетілімі болды.
Айта кететіні, Ұлы ақын жай ғана ғашық болған жоқ. Ол әйелдерге мәңгілік жастық сыйлады. Ол өмір бойы таза және нәзік сезімдерді оятты. Александр Сергеевич Пушкин бізге үлкен мұра қалдырды. Бірақ ол тек 37 жыл өмір сүрді. Пушкиннің өлеңдері үлкен танымалдылыққа ие. Орыс композиторлары Пушкиннің лирикалық өлеңдерінің мәтіндеріне 70-тен астам романстар жасады. Қазіргі уақытта Ұлы ақынның 500-ге жуық шығармалары 3 мыңнан астам музыкалық шығармалары негізге алынған. Бұл опералар, балеттер, романстар, спектакльдер мен фильмдерге арналған музыка.
Пушкин шығармасында Евгений Онегинге арналған роман ерекше орын алады. Татьяна өз сезімдерімен бөлісе алмай, қағазға сеніп, Онегинге хат жазады. Кеш барысында Славян этномәдени бірлестігінің белсенді жасы Алена Павлова «Евгений Онегин» өлеңіндегі романның үзіндісін сахналады.
Ж.Нұрманов атындағы №198 орта мектептің оқушылары екі дәуірдің диалогын құрды. Ал, «Абылай хан» колледжінің студенті Пушкиннің «Ескерткіш» өлеңін оқыды. Пушкиннің өлеңдерінен музыкалық шығармалардың ғажайып топтамасын жасаған композитор Георгий Васильевич Свиридовтің «Пушкин вальсіне» М.Мәметова гуманитарлық колледжінің студенттері вальс биледі.
Пушкиннің туған күнінен бастап 220 жылдан астам уақыт өтсе де, біздің оған деген махабаттымыз әлсіремеді. Өйткені біз оның естелігін құрметтейміз, барлық шығармаларын сүйіп оқимыз деді қойылымға қатысқан этномәдени бірлестік жастары. Айта кететіні, қазақ тарихында Пушкинді тек ақын ретінде қызықтаумен шектелген жоқ, терең зерттеп ізденуіне тірек етті. Абай Пушкиннің ең таңдаулы туындысы «Евгений Онегинді» аса жоғары бағалады. Оның жеке үзінділерін бұдан бір ғасырға таяу уақыт бұрын асқан көркемдік шеберлікпен қазақшалап берді. Абаймен Пушкиннің үндестігі, оны жақын тартуы тегін емес еді. Қазақ пен орыс ақыны бір-біріне ұқсас. Олай дейтініміз, олардың өмірдің мәні мен мәніне ортақ көзқарастар көп. Олардың әрқайсысы өз Отанының патриоты болды. Өз ұлтын ыстық ықыласпен сүйді.
Қойылым аясында «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының мүшесі Никита Мясцов Абайдың «Көзімнің қарасы» өлеңін орындады.   Сонымен бірге, Пушкиннің өзге де шығармалары орындалып, балаларға жазылған әдемі ертегілерінен үзінділер сахналанды.
Кеш соңында «Славян мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Галина Щербакова театрландырылған қойылымға қатысып, белсенділік білдірген колледж,мектеп ұстаздары мен жастарына алғысын білдіріп, марапаттады.

Облыстық Қазақстан халқы
ассамблеясының баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<