Юлия Путинцева жарақатына байланысты Париж Олимпиадасына қатыспайтын болды. Бұл туралы Қазақстан теннис федерациясының баспасөз қызметі хабарлады.
– Путинцева Парижге барғаннан кейін алдағы кездесуіне дайындыққа кірісіп кеткен. Бірақ, өкінішке қарай, украиналық Марта Костюкқа қарсы бірінші ойын алдындағы дайындық кезінде қазақстандық ойыншы тізесінің қатты ауырғанын сезді. Қысқа медициналық тексеруден кейін матчтан бас тарту туралы шешім қабылданды, – делінген федерация таратқан хабарламада.
Қазақстан теннис федерациясының вице-президенті Диас Досқараев аталған жағдайға байланысты пікір білдірді.
– Париж Олимпиадасы біз үшін нағыз сынақ болды. Күні кеше Елена Рыбакина сырқатына байланысты жарыстан шығып қалса, бүгін біздің команда жарақатына байланысты Юлия Путинцевадан айырылды. Біз екі спортшыға көп үміт артып едік. Өкінішті, әрине. Елена да, Юлия да Олимпиадада ойнай алмағандарына қатты қынжылады. Біз жанкүйерлерге өтініш білдіріп, осындай қиын кезеңде барлық ойыншыға қолдау көрсетулерін сұраймыз. Қиындықтарға қарамастан, еліміз үшін жарқын жеңістерге ұмтылатын боламыз, – деді.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<