Қағаз қап өндірісі

1063

0

Қызылордада қағаз қап өндірісі қолға алынады. «Kazakh Invest» ұлттық компаниясымен бірлесіп түркиялық «Isiklar Holding» компаниясына аталған жобаны облыс аумағында жүзеге асыру үшін қажетті инженерлік инфрақұрылымы жеткізілген бос тұрған өндірістік ғимараттар ұсынылған.

Нәтижесінде осы жылдың қыркүйегінде түркиялық компанияның бас директоры Ока Хусейн облыс әкімінің орынбасары Мархабат Жайымбетовпен кездесіп, жобаны іске асыру мәселелерін талқылады. «Isiklar Holding» – Түркияда қағаз қораптарды өндірумен айналысатын, жылдық айналымы 250 млн АҚШ долларын құрайтын ірі компания. Кездесу аясында түркиялық инвесторға өңірдің инвестициялық әлеуеті және жобаны орналастыру үшін бірнеше өндірістік объекті таныстырылған болатын.

Ірі жобаның тағы бірі – қағаз қораптар өндірісі. Дәлірек айтсақ, гофрленген қағаз қораптар өндірісі жобасы. Түркиядағы гофрленген қағаз қораптардың ең ірі өндірушісі саналатын «Barem Ambalaj» компаниясына облыста бірлескен кәсіпорын ашу ұсынылды.

Сондай-ақ, Түркияның «Milat Hali» компаниясының кілем өндірісіне инвестициялар салуға қатысты ұсынысы қарастырылып, жобаны орналастыру үшін бірнеше өндірістік нысан тізімі мен сипаттамасы берілді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<