Қағида тазалық пен тәртіпке негізделген

109

0

Фото: Облыс әкімдігі

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен тазалық жұмыстары, ғимараттарды күтіп ұстау мен абаттандыру мәселелері талқыланған жиын өтті. Басқосуға жауапты сала басшылары қатысып, алдағы бағыт-бағдар белгіленді.

Қоршаған ортаның, қала мен ауылдың тазалығын сақтау, келбетін көркейту жұмыс­тарының барлығы онда тұратын тұр­ғындар игілігі үшін жасалатыны бел­гілі. Айналамыздың әсем де көрікті, зама­науи талапқа сай болғаны барлығымыз үшін маңызды. Ортақ үйіміздің абат­тан­­дырылуына, тазалығына баршамыз жауапты болғанда ғана қаламыз бен ауыл­дарымыз бүгінгіден де көркейе бермек. Осындай игі шаралардың арқасында қо­ғам­да айналаны ластамау, жанашырлық таныту, туған жерге деген сүйіспеншілікті іспен көрсету туралы жаңа түсінік орнығып келеді.

Қызылорда облыстық мәслихатының 2024 жылғы 25 шілдедегі №112 ше­шімімен облыс аумағын абаттандыру қағи­далары қабылданған болатын. Негізгі мақсат – тұрғындар үшін қауіпсіз, таза, жайлы және тартымды орта қалыптастыру. Бұл талаптар Қызылорда облысындағы барлық заңды және жеке тұлғаларға қатысты.

Қағидада аумақты күтіп ұстау мен абаттандырудың негізгі талаптары бекі­тілген. Атап айтсақ, тазалық сақ­тауды, іргелес аумақты, ғимараттың қасбетін күтіп ұстауды, көгалдандыруды, инфрақұрылым элементтерін күтіп-баптауды, құрылыс барысында және одан кейінгі тәртіпті қам­тамасыз етуді, балалар алаңдары мен уақытша құрылыстардың жайын, жануарларға арналған орындар мен қоқыс жинау тәртібін қамтиды.

Бұл өңіріміздің келбеті мен тұр­ғындардың өмір сапасы үшін өте маңызды. Сондықтан барша жұртшылық бел­сен­ділік танытып, қоршаған ортаға жауап­кер­шілікпен қарауы керек.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі