Прокурорлар Қайрат Құдайбергенді 8 жылға соттауды сұрады, деп жазды qandastar.kz
Алматы мәслихатының бұрынғы депутаты Қайрат Құдайберген 2024 жылдың 22 сәуірінде ұсталған еді. Сол жылы 24 сәуір күні сот қаулысымен тергеу органдарының өтініші қанағаттандырылып, Қайрат Құдайбергенге қатысты әрекетті саралау туралы қаулы шығарылғанға дейін оны 30 тәулік мерзімге күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берілді. Содан бері оны қамауда ұстау мерзімі үздіксіз ұзартылып келді.
Қайрат Құдайбергенге Қаңтар оқиғасы кезінде жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастырды деген айып тағылған.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<