6 жылға сотталған Қайрат Сатыбалды генерал-майор шенінен айырылып, мемлекеттік ордендерді кері қайтаруға міндеттелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Президентке Қайрат Сатыбалдыны Ұлттық қауіпсіздік органдарының генерал-майоры атағынан, сондай-ақ «Құрмет» және «Парасат» ордендерінен айыру туралы ұсыныс енгізілсін», – деді Астана қаласы Байқоңыр аудандық №2 сотының судьясы Нұрлан Баяхметов сот отырысында.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, бүгін Қайрат Сатыбалдыға сот үкімі шығып, ол 6 жылға сотталды.
«Күдікті Қайрат Сатыбалдыұлын алты жылға бас бостандығынан айыру туралы шешім қабылданды. Сонымен қатар жеке мүлкі тәркіленеді», – деген еді Нұрлан Баяхметов ZOOM платформасында өткен сот отырысында.
Қ. Сатыбалды жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі орташа мекемесінде өтейді.
Бұған дейінгі сот процесінде прокурор күдіктіні 6 жылға бас бостандығынан айыруды сұраған еді. Қайрат Сатыбалды биылғы 13 наурызда қамауға алынған болатын.
Ашық көздерден алынған фото
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<