«Қайраттың еңбегімен келген»: Гүлзира Айдарбекова алаяққа алданған келініне қолдау білдірді

214

0

Фото: instagram

Қайрат Нұртастың әйелі Жұлдыз Әбдікәрімова алаяқтарға алданып, Астанадағы пәтерінен айырылып қалған болатын.

Продюсер Гүлзира Айдарбекова алаяқтарға алданып, пәтерінен айырылып қалған Жұлдыз Әбдікәрімоваға қолдау білдірді.

Продюсердің ұлы Қайрат Нұртас су жаңа көлігінің видеосын Instagram парақшасында жариялаған болатын.Онда әншінің BMW маркалы көлік алғанын көруге болады. Алайда әншінің іс-әрекетін халық сынап, төрт баласының анасы, актриса Жұлдызға көмектесу керегінайтқан.

«Үйін де алып беретін өзі, бағатын да өзі. Алып берілген үй алаяққа кетсе, Жұлдыз да қарап отырған жоқ. Жас емес, ретін іздеп, қайтарып алуға тырысып жатыр. Оған сенің тұмсығың қисаймасын. Ол да өз қатесін жөндеп көрсін. Бәрі де – Қайраттың еңбегімен келген дүние. Сен алып бермейсің ғой, түбі реттейтін де сол бір Қайрат. Көрсін соңына дейін барып, болмаса қарап қалмас», – деп жауап берді продюсер.

«Қайраттың еңбегімен келген»: Гүлзира Айдарбекова алаяққа алданған келініне қолдау білдірді

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<