«Қайсар» футбол клубының үздіктері жас футболшыларымен кездесті

184

0

Фото: Жалағаш ауданы әкімдігі

Қызылорданың «Қайсар» футбол клубының үздік футболшылары ауданға келіп, жаңадан ашылған «Спорт кешенінде» жас футболшылармен кездесті.

Жасөспірімдер арасындағы футбол ойынында топ жарып жүрген спортшыларға «Қайсар» футбол командасының ойыншылары допты тебуде шеберлік сағатын өткізіп, жас жеткіншектерге өз тәжірибелерімен бөлісті.

Кездесу соңында ала доп шаршы алаңында облыс абыройын, ел намысын асқақтатып жүрген спортшылар мен команда мүшелері оқушыларға «Қайсар» футбол клубының атынан арнайы сыйлықтар табыстады.

«Қайсар» футбол клубының үздіктері жас футболшыларымен кездесті

Айта кетейік, «Қайсар» футбол командасы Премьер Лигасында легионерсіз ойнайтын команда ретінде өздерінің мықтылығын дәлелдеп келеді.

Қайсарлықтармен кездескен жалағаштық спортшылар түрлі облыстық және республикалық деңгейде жоғары нәтижелер көрсетіп келеді.

Әсіресе, жас спортшыларымыз түрлі жарыстарда үздік атанып, ауданымыздың даңқын шығарып жүр. Өткен жылы аудан спортшылары барлық спорт түрінен әлемдік және Азия чемпионаттары мен облыстық жарыстарда 224 медаль иеленіп, жоғары жетістіктерге қол жеткізді.

Бүгінгі таңда 14 мыңнан аса аудан тұрғыны бұқаралық спортпен тұрақты түрде айналысады. Бұл жалпы тұрғындардың 40,5 пайызын құрайды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<