Футболдан бірінші лига командалары арасындағы ел біріншілігінің 24-турындағы алғашқы ойын күні өтті.
Турнир кестесінде екінші орында келе жатқан «Қайсар» елордалық «Жеңіс» командасымен кездесті.
Қызылордалық клуб биыл Премьер-лигаға қайта оралуды көздейді. Сондықтан әрбір ойында жеңіске жетудің жолын іздеп келеді. Бұдан бұрын қатарынан төрт мәрте қарсыластарын қапы қалдырған қызылордалық команда кездесу басынан тізгінді өз қолына алуға күш салды.
Нәтижесінде бірінші кезеңнің 13-минутта «Қайсар» шабуылшысы Адама Диалло есеп ашса, 19-минутта басымдықты арттыра түсті.
Осылайша «Қайсар» қарсыласынан 2:0 есебімен басым түсті.
Қызылордалық клуб ендігі ойынын 28 қазанда өз алаңында Талдықорғанның «Жетісу» командасына қарсы өткізеді.
Сондай-ақ бүгін «Академия Оңтүстік» өз алаңында Жамбыл облысының «Игілігіне» 1:4 есебімен жол берді.
Аталған турдағы қалған ойындар 22 қазан күні өткізіледі.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<