«Қайсар» қыздарының алғашқы жеңісі

160

0

Фото: Сыр спорты

Футболдан қыздар арасында ел чемпионатына алғаш рет қатысып жатқан «Қайсар» футбол клубы жаңа маусымды жеңіспен бастады.

Талдықорғанда жергілікті «Же­тісу» клубымен кездескен олар қарсыласынан 3:2 есебімен басым түсті. Ойын барысында Құндыз Қожахмет стандарттан қос голдың авторы атанса, алаң иелерінен бір футболшы өз қақпасына гол соғып алды.

Жергілікті маман Берік Сансызбаев командада бас бапкер қыз­метін атқарады. Оған Сәкен Наукенов көмекшілік жасайды.

Биыл ел чемпионатында ойын көрсететін ерлер клубтарының әй­елдер құрамалары да толықтай қатысады. Өткен жылы чемпио­натқа тек 4 өңірден 5 команда ғана тіркелген еді.

Қазақстан Премьер-лигасы сайтында көрсетілгеніндей, биыл турнирде «Атырау», «Жеті­су» (Тал­дықорған), «Астана», «Елімай» (Семей), «Қайсар» (Қызылорда), «Қызылжар» (Петропавл), «Ақтө­бе», «Ұлытау» (Жезқазған), «Қай­рат» (Алматы), «Томирис-Тұран» (Түр­кістан), «Оқжетпес» (Көк­шетау), «БИІК» (Шымкент), «Тобыл» (Қостанай) және «Жеңіс» (Ас­тана) сынды 14 команда сынға түседі.

Сондай-ақ биыл әр команда сапында кемінде қазақстандық футбол мектебінің 13 түлегі болуға тиіс деген талап қойылып отыр. Оған 2009 жылы және одан ерте дү­ниеге келген футболшылар қа­тыса алады.

«СБ» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<