«Қайсар» сырт алаңда «Тобылды» жеңіп кетті

1561

0

Фото: instagram.com/fckaysar_official

Кеше, 1 маусымда футболдан Қазақстан Премьер-лигасының оныншы туры басталады.

Аталған турдың алғашқы ойыны «Тобыл» (Қостанай) мен «Қайсар» (Қызылорда) командалары арасында өтті.

Кездесу барысында қарсыластар бірден шабуылға көшті. Десе де бірінші кезеңде таблодағы есепке өзгеріс енген жоқ.

Екінші кезеңде «Қайсар» сапынан Валерий Громыко 52-минутта есеп ашты.

Бұл — беларусь футболшысының қызылордалық клуб сапындағы үшінші голы. Одан кейін 76-минутта қостанайлық командадан Ислам Чесноков таразы басын теңестірді.

Ойынның 92-минутында «Қайсар» шабуылшысы Шохназар Норбеков жеңіс голын соғып кетті. Осылайша қызылордалық клуб қарсыласын 2:1 есебімен жеңіп, турнир кестесінде сегізінші орынға көтерілді.

Нәтижесінде олар жеңіліссіз серияны алты ойынға жеткізді.

Дәл қазір «Ордабасы» (Шымкент) мен «Жетісу» (Талдықорған) кездесуде. Ал 2 маусымда «Тұран» (Түркістан) мен «Ақтөбе», «Елімай» (Семей) мен «Қызылжар» (Петропавл), «Қайрат» (Алматы) пен «Шахтер» (Қарағанды), «Жеңіс» (Астана) пен «Атырау» командалары ойнайды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<